Home / Жаңалықтар / Грант ректора КазУТБ

Медиа

Грант ректора КазУТБ

Олимпиадаға қатысу – қызықты және терең меңгерудің тәжірибесі.

Ең қызықтысы – нәтижелерді күту!

Мен келесі турға міндетті түрде қатысамын.

Қазақ технология және бизнес университетінде (ҚазТБУ) ҚазТБУ ректорының гранты бойынша оқушылар олимпиадасының 1-кезеңі өтті.

2023 жылдың 13 мамырында ҚазТБУ-дың қабырғасында Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесіп, ҚазТБУ ректорының гранты бойынша 2023 жылғы мектеп оқушылары олимпиадасының I (бірінші) кезеңі өтті. Олимпиада 4 рет өтеді.

Олимпиаданың ашық және объективті өтуі үшін қазылар алқасына ҚазТБУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, Астана қаласы Білім басқармасының мамандары және елорда мектептерінің жетекші мұғалімдері кірді.

ҚазТБУ гранты бойынша олимпиада тапсырмаларын Қазақ технология және бизнес университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы дайындады.

Олимпиаданың 1 (бірінші) кезеңіне Астана қаласы мен еліміздің басқа қалалары мектептерінің, сондай-ақ облыстың жақын аудандарының мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың өткен кезеңінің нәтижелері әрбір қатысушыға құпия түрде жіберілді.

Олимпиаданың келесі кезеңдері кестеге сәйкес өткізіледі:

  • II кезең – 2023 жылдың 27 мамыры, сағат 10-00
  • III кезең – 2023 жылдың 10 маусымы, сағат 10-00
  • IV кезең – 2023 жылғы 24 маусым, сағат 10-00

ҚазТБУ ректорының грантына арналған олимпиаданың қорытынды нәтижелері 2023 жылдың 30 маусымында университеттің ресми сайтында жарияланады.