Университеттің Коплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ жалпы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 8 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдос Жанұзақұлы Мамытовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, заманауи сын-тегеуріндер және құқықтық статистика» тақырыбында онлайн-дәріс ұйымдастырды.
Дәріске әкімшілік-басқару персоналы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, университет пен колледждің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.