Home / News / Әлеуметтік гуманитарлық пән кафедрасының апталығы

Медиа

Әлеуметтік гуманитарлық пән кафедрасының апталығы

03.03.2025 ж. сағат 1100-де Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Сен де бір кірпіш дүниеге...» тақырыбындағы апталықтың салтанатты ашылуы өтті.

Апталықтың «Сен де бір кірпіш дүниеге...» деп аталуы кездейсоқ емес. Біріншіден, 2024 жылдың 27 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды. Үкіметке «Жұмысшы мамандықтар» жылын атап өту бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Екіншіден, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан...» деп жырлап өткен қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы. Осыған орай, Абай шығармашылығын қайтіп дәріптеуге, әдеби мұраларын жаңғыртуға мүмкіндік туып отыр.

Бүгінгі таңда білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде университет пен мектеп арасында тығыз байланыс орнатылып, ынтымастық шеңберінде бірлескен жұмыстар атқарылып келе жатқандығы баршамызға мәлім. Осыған орай, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырып отырған апталықтың салтанатты ашылуына Елордамызда орналасқан мектептердің білім өкілдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Атап айтсақ, Ә.Бөкейханов атындағы Binom School мектеп-лицейі, Астана қаласы әкімдігінің «Смағұл Садуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК, Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейі, Астана қаласы әкімдігінің «Темірбек Жүргенов атындағы № 70 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК.

Салтанатты іс-шараны Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Э.Б.Аскербеков, Экономика және сервис факультетінің деканы Қ.С.Мустафаев, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауым. профессор Қ.Т. Алтайбекова ашып, құттықтауларын білдірді.

Апталықтың ресми ашылуы концерттік бағдарламаға ұласты.

04.03.2025 жылы сағат 1000-де «Жаңа әлемдегі жастар келбеті. Ұлтқа қызмет ету» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Лектор республикалық «Білім айнасы» жобаларының негізін қалаушы, конвергент журналист, «BILIM AINASY» ақпарат агентігінің бас продюсері, «Қазақ тілі: 5 жас» оқу-танымдық кешеннің авторы, педагогика және психология магистрі Қатшабаев Қуантай Амантайұлы.

          Дөңгелек үстел барысында ұлтқа қызмет ету, жастарға тәрбие беру, патриотизмді ояту, ана тілге деген жанашырлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-ананы сыйлау сияқты мәселелер талқыланды. Білім алушылар тарапынан жастардың шет елде білім алуы, кітап оқуға баулу, батыстық еліктеушілік, атап айтсақ «жеке шекара», «менің пікірім», ауыл жастары мен қала жастарының айырмашылығы секілді сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

          Іс-шара соңында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор С.Бердіғалиұлы, Экономика және сервис факультетінің деканы Қ.С.Мустафаев, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.Т.Алтайбекова қорытындылады. Естелікке сыйлық табысталды.

Модератор: гуманитарлық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор Э.А.Хамитова.

      04.03.2025 жылы сағат 1100-де Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауым. профессоры, ф.ғ.к. А.А. Шахин «ХХІ ғасырдағы заманауи оқыту технологиялары» тақырыбында университетішілік ғылыми-әдістемелік семинарда баяндама жасады.

Семинарда қоғамның цифрлық трансформациясы жағдайындағы білім беру үдерісінде оқыту технологияларын пайдалану туралы айтылды. Интерактивті сабақтар білім алушылардың белсенділігін арттыруға, оқу үдерісін жетілдіруге, цифрлық сауаттылықты дамытуға, оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретінігі жөнінде талқыланды.

05.03.2025 жылы «Дене шынықтыру» пәні бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында қол күресі және гір тасын көтеруден І және ІІ курстың білім алушылар арасынан спорттық сайыс өткізілді.  

Қол күрес жене гір тасын көтеру  (60-65,70-75, 80-85,90-90+кг) салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылды.

  Спорттық сайыстың төрайымы – Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі,  ф.ғ.к., қауым. профессор Қ.Т.Алтайбекова.

Қазылар алқасының мүшелері:

А.Қ. Аяпов–  магистр аға оқытушы сеньор-лектор

Ж.Т. Кенжебалин– аға оқытушы  сеньор-лектор

Е.Ш. Омаров– магистр аға оқытушы сеньор-лектор

Д.Т. Қойшин– магистр аға оқытушы сеньор-лектор

Орын алға білім алушылар:

Гір тасын көтеру 60-65 кг;

1-ші орын Тастай Ерасыл Ис-241

2-ші орын Бухарбай Ердәулет ГМУ-241

3-ші орын Абыманов Амир ГД-242/2

Гір тасын көтеру 70-75 кг;

        1-ші орын Қожабек Диас Ис-241/1

2-ші орын Талас Рустем Ис-241

3-ші орын Рымбек Расул Бт-242

Гір тасын көтеру 80-85 кг;

        1-ші орын Кадырбек Рамазан Гму-242/2

2-ші орын И. Айдар ИС-241/1

3-ші орын Әлібек Жақсылық Ис-241/1

Гір тасын көтеру 90-90+ кг;

        1-ші орын Е.Бақдәулет Гму-242/2

2-ші орын Дүйсенғалиев Тамерлан АИУ-242

3-ші орын А.Арес Ис-241/1

Қол күрес 60-65 кг;

1-ші орын Тастай Ерасыл Ис-241

2-ші орын Бухарбай Ердәулет ГМУ-241

3-ші орын Абыманов Амир ГД-242/2

Қол күрес 70-75 кг;

        1-ші орын Талас Рустем Ис-241

2-ші орын Рымбек Расул Бт-242

3-ші орын Кадырбек Рамазан Гму-242/2

Қол күрес 80-85 кг;

        1-ші орын И. Айдар ИС-241/1

2-ші орын Д.Айдос гму-242

3-ші орын Д.Иман

Қол күрес 90-90+ кг;

        1-ші орын С.Айжас Ис-241

2-ші орын М.Айдос Ис-241

3-ші орын Дүйсенғалиев Тамерлан АИУ-241

05.03.2025 жылы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистент профессоры Г.Е. Шлымованың ұйымдастыруымен Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ЦИОМ Қазақстан) директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті Гульжан Токтамысовна Алимбековамен ZOOM форматында онлайн кездесу ұйымдастырылды.

          06.03.2025 жылы сағат 1100-де гуманитарлық ғылымдар магистрі, докторант тарихшы Дархан Асқарұлы «Қазақ мемлекеттілігі және түркі өркениеті» атты ғылыми-танымдық семинар өткізді.

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, «Дизайн» мен «Менеджмент» мамандықтарының студенттері қатысты.

Семинарда ортағасырлық шетелдік саяси карталардағы «Қазақ елі» туралы құнды тарихи деректер талқыланды. Түркі халықтарының тарихи, тілдік, өркениеттік жақындықтары жөнінде видео деректер көрсетілді.

Семинардың ғылыми негізі ретінде атақты антрополог-тарихшы Оразақ Смағұлұлының, түркітанушы Олжас Сүлейменовтың, тарихшы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың және т.б. еңбектері пайдаланылды.

 

06.03.2025 жылы сағат 1600-де «Психологическое благополучие» тақырыбында әлеуметтік-саяси білімдер модулінің оқытушылары Шәкәрім атындағы университеттің психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі профессор Ш.С.Сатиевамен ZOOM форматында онлайн жүздесу ұйымдастырды.

          07.03.2025 жылы сағат 0900-де Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырлды.  

Дөңгелек үстелге Astana University-ден тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Тұяқова Айжан Есенкуловна қатысты.

Дөңгелек үстелде тақырып аясында профессор-оқытушылар мен білім алушылардың арасында пікірталас өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

* Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды насихаттау;

* Қазақ хандығының құрылу тарихы, мемлекетіміздің осы кезеңдегі жетістіктері туралы білімдерін тереңдету;

* Отан алдындағы азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімін, Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болуды қалыптастыру.

                                                                                                  

03.03.-07.03.2025 ж.ж. аралығында Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Сен де бір кірпіш дүниеге...» тақырыбындағы апталық өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы өзекті мәселелерге назар аудару, сонымен қатар білім алушылар, оқытушылар мен мамандар арасында тәжірибе алмасу болды.

Кафедра апталығының аясында профессор-оқытушылар құрамы семинарлар, бірнеше дөңгелек үстел, онлайн-дәрістер, спорттық жарыстар сияқты түрлі іс-шаралар өткізді.

Іс-шаралар барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі мәселелер мен тенденциялар талқыланды. Университет оқытушылары мен Қазақстанның басқа университеттеріндегі әріптестер арасында жаңа байланыстар мен ынтымақтастық орнады.

Бұл апталық университетіміз үшін ғылыми ортаның дамуына және еліміздің студент жастарының тәрбиесіне ықпал ететін маңызды іс-шара болды.